Главная > Новости

📣 Құрметті әріптестер!

Сізді 2024 жылдың 1-2 қазанында өтетін профессор Г.И. Ксандопулоның 95 жылдығына және Ресей Ғылым академиясының академигі З.Р. Исмагиловты еске алуға арналған
XV Халықаралық «Жану және плазмохимия. Көміртек және наноэнергетикалық материалдардың физикасы және химиясы» симпозиуміне
баяндама жасауға және белсенді тыңдаушы болуға шақырамыз.

Симпозиумды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ), Жану проблемалары институты (ЖПИ) және Қазақ-Британ техникалық университеті ұйымдастырады.

🎯 Конференцияның мақсаты:
Химия, жану, наноматериалдар, катализ, энергетика және қоршаған орта салаларындағы өзекті мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылау.

Симпозиумда ұсынылған ең үздік жұмыстар
Scopus және Web of Science мәліметтер базасында индекстелетін Еуразиялық химиялық-технологиялық журналда, сондай-ақ ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған басылымдар тізіміне және «Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі» аналитикалық деректер базасына енгізілген «Жану және Плазмохимия» журналында толық мақалалар ретінде 2024 жылдың 30 қазанына дейін жарияланады.

🗣️ Қатысу түрі: онлайн және офлайн
🏛️ Өтетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Қосымша ақпарат алу үшін:
info@symposium.kz
немесе
Zhazira.Supiyeva@gmail.com

Сізді симпозиумда күтеміз!


📣 Уважаемые коллеги!

Мы рады пригласить вас выступить с докладом на
XV Международный симпозиум «Горение и плазмохимия. Физика и химия углеродных и наноэнергетических материалов»,
посвященный 95-летию профессора Г.И. Ксандопуло и памяти академика Российской академии наук З.Р. Исмагилова, который организуют Казахский национальный университет имени аль-Фараби (КазНУ), Институт проблем горения (ИПГ) и Казахско-Британский технический университет.

Симпозиум запланирован на 1-2 октября 2024 года.

🎯 Цель конференции:
Обсуждение актуальных вопросов и возможностей в области химии, горения, наноматериалов, катализа, энергетики и окружающей среды.

Лучшие работы, представленные на симпозиуме,
будут опубликованы в Евразийском химико-технологическом журнале (индексируемом Scopus и Web of Science), а также в журнале «Горение и Плазмохимия» (включенном в перечень ККСОН МОН РК и Российский индекс научного цитирования) до 30 октября 2024 года.

🗣️ Форма участия: онлайн и офлайн
🏛️ Место проведения: Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан

Дополнительная информация:
info@symposium.kz
или секретариат по e-mail: Zhazira.Supiyeva@gmail.com

Ждем вас на симпозиуме!


📣 Dear colleagues,

We are pleased to invite you to deliver a talk at the
XV International Symposium on “Combustion and Plasma Chemistry. Physics and Chemistry of Carbon and Nanoenergetic Materials”
dedicated to the 95th anniversary of Professor G.I. Ksandopulo and in memory of Academician Z.R. Ismagilov of the Russian Academy of Sciences, organized by al-Farabi Kazakh National University (KazNU), Institute of Combustion Problems (ICP), and Kazakh-British Technical University.

The symposium is scheduled for October 1-2, 2024.

🎯 Purpose of the conference:
Discussion of current issues and opportunities in chemistry, combustion, nanomaterials, catalysis, energy and environment.

The best papers presented at the symposium
will have a chance to be published as full articles in the Chemico-Technological Journal (indexed in Scopus and Web of Science), as well as in the Journal of Combustion and Plasma Chemistry (included in the list recommended by CQASHE MSHE RK and Russian Science Citation Index) by October 30, 2024.

🗣️ Form of participation: online and offline
🏛️ Venue: Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

For more information, please visit info@symposium.kz or contact the secretariat at Zhazira.Supiyeva@gmail.com.

We look forward to seeing you at the symposium!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Жану проблемалары институты осы үндеуді толық қолдап, су тасқынынан зардап шеккен Отандастарымызға және Аудандарымызға барынша көмек көрсетуге шақырады.

Еліміз үшін үлкен бұл апатты жеңуде барлық күшімізді жұмсау – парызымыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде апат салдарынан зардап шеккен әрбір отбасыға шығын құны толықтай өтелетінін атап өтті.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде таралатын жалған ақпаратқа сенбеуді және оларды таратуға жол бермеуді, тек ресми БАҚ-қа ғана жүгінуді сұраймыз.

Күшіміз бірлікте!

🔥🔥🔥 Құттықтау Жану Проблемалар институтынан 🔥🔥🔥

Институтымыздың көміртекті наноматериалдардың жалындағы синтезі зертханасының меңгерушісі, профессор Приходько Н.Г.,
“Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы — 2023” Республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Наурыздың 1 жұлдызында Түркістан қаласында Ғылым және жоғары білім министрі Sayasat Nurbek мырза марапаттады.
Ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз!!! 🎉🎉🎉


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Институтымыздың энергосыйымды наноматериалдар зертханасының меңгерушісі, PhD Meiram K. Atamanov,
“Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері — 2023” атанды.
Ғылым және жоғары білім министрі Sayasat Nurbek мырза Түркістан қаласында 1 наурыз күні марапаттау жүргізді.
Жану проблемалары институты ұжымы ізгі ниетпен құттықтайды!!! 🎉🎉🎉

🔥🔥🔥
Қарашаның 7 мен 8 жұлдызында Жану проблемалары институты ұйымдастыруымен XIV Халықаралық «Жану және плазма химиясы. Көміртекті және наноэнергиялық материалдардың физикасы мен химиясы» симпозиумы өткізілді.

Симпозиум Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы комитетте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің химиялық физика және материалтану кафедрасы және Қазақстан-Британ техникалық университеті болды.

Ұйымдастыру комитеті барша қатысушылар мен қонақтарға зор белсенділік білдіргені үшін алғыс айтады! Отандық ғалымдарымыз үшін, әсіресе жас ғалымдарға, бұл Симпозиум жаңа леп сыйлары сөзсіз!

🔥🔥🔥 Жану Проблемалар институт ұжымы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 582 бұйрығына сәйкес Төлендіұлы Санат 20500 – Материалдық инженерия ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен шын жүректен құттықтайды.

Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

Встреча с делегацией Сиань Цзяотун университета

4 шілде 2023 жылы Институтымыздың бас директоры профессор Надиров Р.К., энергосыйымды наноматериалдар лабораториясының меңгерушісі PhD Атаманов М.К., Сиань Цзяотун университетінің оқытушылары мен ғалымдарының делегациясымен кездесті. Жүздесуде тараптар меморандум аясында серіктестік бағыттарын кеңейтіп, ынтымақтастықты арттыру, студент және оқытушылар алмасу жұмыстарын жандандыру, ғылыми бағытта бірлесіп жұмыс жүргізу жолдарын талқылады. Жану проблемалары Институты мен Сиань Цзяотун университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 🤝

Сиань Цзяотун университеті туралы

🎓Сиань Цзяотун университеті көпсалалы және зерттеу университеті және тоғыз бағыт бойынша зерттеу және білім беру бағдарламалары жүзеге асып келеді. Атап айтқанда: жаратылыстану ғылымдары, инженерия, медицина, экономика, менеджмент, гуманитарлық ғылымдар, құқықтану, философия, педагогика және өнер. Университет Shanghai Ranking – 2022 рейтингінде 10-орында. Бүгінде оқу ордасында 51 мыңнан астам студент білім алуда. Сонымен қатар университетте 29 институт, бакалавриат үшін түрлі бағыттағы 9 мектеп және 3 қосалқы оқу ауруханасы бар. Сиань Цзяотун университеті 300-ден астам университетпен, ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық орнатқан. Білім ордасы «Ұлы Жібек жолы» ЖОО арасындағы альянсының бастамасын көтеріп, 37 ел мен аймақтың 160-тан астам университеті үшін білім беру ынтымақтастығы мен қарым-қатынастың халықаралық платформасын құрды. Кездесу нәтижесінде тараптар аталған бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға уағдаласты.

Серіктестікті дамытуға үлес

🔥Осындай серіктестікті орнатуға үлкен ықпал көрсеткен институтымыздың ғылыми жетекшісі Мансуров З.А. және энергосыйымды наноматериалдар лабораториясының меңгерушісі PhD Атаманов М.К., ортақ мақсатымызға жетуге тағы бір ауқымды үлес қосты!

👨‍🎓 Қайдар Баян Берікұлы — үздік жас ғалым!

Институтымыздың жас ғалымы Қайдар Баян Берікұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6D074000 «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғады!


Қайдар Баян Берікұлы «Техногендік қалдықтар негізіндегі көміртекті талшықтарды алу және оларды тәжірибеде қолдану» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алды. Бұл ғылыми жұмыс Жану проблемалары институтында орындалды, ғылыми жетекшісі — PhD Смагулова Г.Т.

Докторлық диссертация қорғау — үлкен еңбек пен табандылықты талап ететін жауапты кезең. Қайдар Баян Берікұлы мен оның ғылыми жетекшісін құттықтай отырып, болашақта да биік жетістіктерге жетіп, өз саласында талантты шәкірттер тәрбиелеуін тілейміз!


Наш молодой ученый Кайдар Баян Берикулы успешно защитил диссертацию по специальности 6D074000 «Наноматериалы и нанотехнологии» в КазНУ им. аль-Фараби и получил степень доктора философии (PhD)!

Тема работы: «Получение углеродных волокон на основе техногенных отходов и их практическое применение». Диссертация выполнена в Институте проблем горения, научный руководитель — PhD Смагулова Г.Т.

Поздравляем Кайдара Б.Б. и его научного руководителя! Желаем новых научных открытий, интересных проектов и больших успехов в дальнейшей карьере!


Our young scientist Kaydar Bayan Berikuly successfully defended his PhD thesis in the specialty 6D074000 «Nanomaterials and Nanotechnology» at Al-Farabi Kazakh National University!

The thesis topic was «Preparation of carbon fibers on the basis of man-made waste and their practical application.» The research was conducted at the Institute of Combustion Problems under the supervision of PhD Smagulova G.T.

We congratulate Kaydar B.B. and his scientific supervisor on this achievement and wish them brilliant ideas, new perspectives, and limitless opportunities for future development!

Ғылым апталығы аясында

«Алтын Жебе» жергілікті кәсіподағы мен институтымыздың әкімшілігінің бастамасымен:

  • «Жану проблемалары институтының үздік жас ғалымы-2023» байқауы өтті;

  • 12 сәуірде «Жану проблемалары институтында іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.


Іс-шараның қатысушылары мен баяндамашылары

Профессорлар мен ғалымдар:

  • Мансуров З.А.

  • Х. ғ. д., доцент Кетегенов Т.А.

  • Профессор Оңғарбаев Е.К.

  • Қауымдастырылған профессор Төлепов М.И.

Талқылауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінің химиялық физика және материалтану кафедрасының оқытушылары, студенттері, магистранттары, докторанттары белсенді қатысты.


Іс-шараның маңыздылығы

Осы сипаттағы дөңгелек үстелдер мен талқылаулар ғалымдарға болашақ ғылыми жобаларды сауатты дайындауға және жоспарлауға ықпал етеді.


«Жану проблемалары институтының үздік жас ғалымы-2023» байқауы

Бағалау критерийлері:

  • Электрондық оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау;

  • Отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар;

  • Патенттердің болуы.

Байқауға барлығы 10 өтінім келіп түсті:

  • 5 – ғылыми дәрежесі бар;

  • 5 – ғылыми дәрежесі жоқ.


Байқау жеңімпаздары

Сараптамалық комиссияның қорытындысы бойынша ең жоғары балл алғандар:

  1. Павленко В.В. (ғылыми дәрежесі бар) – 1180 балл (50 мың теңге)

  2. Таурбеков А.Т. (ғылыми дәрежесіз) – 920 балл (50 мың теңге)


Құттықтау!

Ұжым атынан барша жеңімпаздарды осы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға тоқтап қалмауға, алға ұмтылуға және жаңа биіктерді бағындыруға тілектеспіз.
Табысқа жету жолында әрдайым бақытты жұлдыз жарқырай берсін!

🌍 ВСЕМИРНЫЙ ДЕНЬ ВОДНЫХ РЕСУРСОВ

Ежегодно 22 марта с 1993 года отмечается Всемирный день водных ресурсов.
В 2023 году тема дня была посвящена ускорению перемен для решения кризиса в области водоснабжения и санитарии, а также достижению Цели устойчивого развития №6 (ЦУР 6).


💧 Международный круглый стол: ЦУР 6

Преподаватели кафедры ЮНЕСКО по устойчивому развитию КазНУ им. аль-Фараби:
Курбанова Л.С.
Тусупова Б.Х.
Хамитова К.К.
Досжанов Е.О.
организовали международный круглый стол на тему:
«Экологическое регулирование и контроль в области водоснабжения и санитарии».


👥 Участники круглого стола

В мероприятии приняли участие:
– студенты, магистранты и преподаватели ВУЗов,
– специалисты Управления экологии и окружающей среды г. Алматы,
Балхаш-Алакольской бассейновой инспекции,
– филиала РГП «Казгидромет» по г. Алматы и Алматинской области,
профессор инженерного факультета Университета Гази (г. Анкара, Турция) Осман Нури Оздемир.


🧪 Разработки в области очистки воды

Ученый нашего института, PhD Досжанов Е.О.,
и к.т.н., старший преподаватель кафедры теплофизики и технической физики КазНУ им. аль-Фараби Досжанов О.М.
представили результаты собственных разработок по очистке воды.

🔹 Были презентованы:
озонаторы,
фильтры на основе углеродных сорбентов,
которые уже нашли практическое применение и потребителей.


🤝 Важность сотрудничества

Мероприятие продемонстрировало необходимость тесного взаимодействия между:
государственными органами,
научными институтами,
академическим сообществом,
обучающимися ВУЗов
для построения эффективного диалога и улучшения подготовки специалистов в области охраны окружающей среды.

📌 Зав. лабораторией нанобиотехнологии – Ерлан Досжанов

🧪 Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын

Институтымыздың бас директоры, профессор Rashid Nadirov
12 сәуірде Елордада өткен Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиынға қатысты.

Салтанатты іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шараға:
– ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшелері,
– ҚР Парламентінің депутаттары,
– ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академиктері,
– Ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері,
– Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері,
– ЖОО мен ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.


🗣 Құттықтау сөз

Жиында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов сөз сөйледі:

«Бүгін тарихи күн. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ғалымдарымызды жинап, Ұлттық кеңестің алғашқы отырысын өткізді. Сол жерде бүгінгі таңда еліміздің күн тәртібіндегі ғылым саласының өзекті мәселелері талқыланды. Кеңестің қорытындысы бойынша Президент Үкіметке, Министрлікке бірқатар тапсырмалар беріп, ғылым саласына ерекше назар аударды. Тарихи шешімдердің қатарында Президенттің шешімімен Министрлік Ғылым және жоғары білім министрлігі болып бөлінді. Бұл да Президенттің ғылымға деген ерекше көзқарасын көрсетеді», — деді А.Көлгінов.


🧬 Ғылыми жетістіктер көрмесі

Іс-шара аясында ғылыми жетістіктер көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар қазақстандық ғалымдардың жобаларымен танысуға мүмкіндік алды.


👥 Жас ғалымдар кеңесінің отырысы

Сонымен қатар, институтымыздың жастар ұйымының мүшесі, ғылыми қызметкер Имаш А.А.
Astana IT University-де өткен Жас ғалымдар кеңесінің отырысына қатысты.

Жиын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Sayasat Nurbek мырзаның сөзімен ашылды.
Кездесу барысында:

– Қазақстандық жас ғалымдардың ғылым, технология және инновация салаларының болашағындағы рөлі;
– Инновациялық экожүйені дамыту;
– Жас зерттеушілер мен кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер;
– Технологияларды коммерцияландыру құралдары;
– ҚР тұрақты даму мақсаттары талқыланды.


🧑‍🔬 Отырыста сөз сөйлегендер:

– ҚР ҒЖБМ Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Еламан Айбулдинов
– «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ «Самғау» орталығының бас директоры Мақсат Мамашев
– «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов
– «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Әбділда Шәменов
– Жас ғалымдар


Осындай мемлекеттік деңгейдегі ұйымдастырылған іс-шаралар ғалымдарға, әсіресе жас зерттеушілерге, жаңа серпін мен шабыт беретіні сөзсіз.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне шынайы алғысымызды білдіреміз.
📌 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

🏆 Жазира Супиева — “ҚазҰУ-нің үздік жас ғалымы – 2023”!

Институтымыздың жетекші ғылыми қызметкері, PhD Жазира Супиева, “Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үздік жас ғалымы — 2023” сайысының жеңімпазы атанды!
Өзіңізге лайықты марапат құтты болсын!
Сізге әрқашан ғылыми ортада зор табыстың пен түрлі өзекті жобалардың және идеялардың болуын тілейміз 💡
🔥🔥🔥


Поздравляем с победой!

Ведущий научный сотрудник нашего Института, PhD Супиева Жазира Асылбековна выиграла конкурс
«Лучший молодой ученый КазНУ им. аль-Фараби – 2023».
Поздравляем Вас с заслуженной наградой!
Желаем успехов в научной деятельности и побольше интересных проектов и идей 💡
🔥🔥🔥

International Congratulations

The leading researcher of our Institute, PhD Supieva Zhazira Asylbekovna, won the competition
«The Best Young Scientist of Al-Farabi KazNU – 2023».
We congratulate you on a well-deserved award!
We wish you success in your scientific activities and more interesting projects and ideas 💡
🔥🔥🔥

🔗 Farabi University

🌸 8 Наурызға орай Алғыс хат

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Sayasat Nurbek, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, Институтымыздың Ғылыми хатшысы Жылыбаева Нуржамал Кыдырханқызына алғыс хат жолдады.

«Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегіңізбен адал қызметіңіз үшін алғысымды білдіремін!
Өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, өзіңізге сеніп тапсырылған міндеттерді атқаруда жақсы нәтижелерге қол жеткіздіңіз.
Сізге өз ризашылығымды білдіре отырып, алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы кәсіби қызметіңізге табыстар мен сәттіліктер, отбасыңызға амандық тілеймін.»
— министр Саясат Нұрбек

Институт ұжымы Нуржамал Кыдырханқызын шын жүректен құттықтайды!
Институтымыздың атынан Саясат Нұрбек мырзаға, бағалы қолдауы үшін алғыс білдіреміз!

📌 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

🏅 Институтымыздың профессоры — «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022»!

Институтымыздың Көмірсутек шикізатының тотығу процестері лабораториясының жетекшісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Онгарбаев Ердос Калимуллаулы 2022 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанды!


🎓 Салтанатты марапаттау рәсімі

2023 жылғы 24 ақпанда, Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің залында, 2022 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Бұл құрметті атақ еліміздегі 43 жоғары оқу орнының 150 оқытушысына бұйырды. Солардың қатарында – Онгарбаев Ердос Калимуллаулы!


🗣️ Министрдің құттықтауы

Марапаттау барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Sayasat Nurbek мырза құттықтау сөзінде:

«Сіздерге таңдаған істеріңізге адалдықтарыңыз және жоғары кәсіби біліктіліктеріңіз үшін алғыс айтамын. Алдымызда тұрған негізгі басымдықтардың бірі – зерттеу экожүйесін қалыптастыру және ғылыми әлеуетті арттыру. Мұның бәрі сіздердің еңбектеріңіздің арқасында ғана мүмкін болмақ!»

— деп атап өтті.


👏 Құттықтаймыз!

Профессор Онгарбаев Ердос Калимуллаұлын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы ғылыми және педагогикалық қызметіне табыс тілейміз!

📌 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

🗞️ Институтымыздың PR маманы ұлттық семинарға қатысты

4 ақпан күні Институтымыздың PR маманы Имаш Айгерім Satbayev University базасында, Жоғары білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының баспасөз қызметі жетекшілеріне арналған семинарға қатысты.


🎙️ Семинар спикерлері мен тәжірибе алмасу

Семинарда өз ісінің білікті мамандары Bagdad Kojakhmetov және Нуркен Халыкберген өздерінің сәтті тәжірибелерімен бөлісті. Бұл ақпарат пен тәжірибе алмасу барлық қатысушыларға үлкен мотивация болғаны сөзсіз.


📣 Министрдің қатысуы мен болашақ жоспарлар

Семинар соңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Sayasat Nurbek мырза:

  • 2022 жылдың қорытындысын

  • 2023 жылға арналған жаңа мақсаттар мен міндеттерді

таныстырып, болашақтағы білім және ғылым саласының дамуына қатысты нақты бағыттар ұсынды.


🙏 Ризашылық білдіреміз

Осындай тиімді семинардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан:

  • Ұйымдастырушы Медетжан Ізғұтты мырзаға

  • Және Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев мырзаға

институтымыздың атынан ерекше алғысымызды білдіреміз.

🔬 Институтымыздың ғылыми жетістіктері

20 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен ғылыми жаңалықтар көрмесінде институтымыздың ғылыми жетістіктері көпшілікке таныстырылды.

Көрмеде ЖОО ғалымдарының табысты ғылыми әзірлемелерімен қатар, студенттік стартаптар туралы да айтылды.


🧪 Ғылыми жоба: белсендірілген көмір негізіндегі суды тазартатын сүзгілер

Көрмеде институтымыздың ғылыми қызметкері Жантикеев Ұлан белсендірілген көмір негізіндегі суды тазартатын сүзгілер жайлы айтып берді:

“Біздің институтта инновациялық жоғары эффективті сорбент алу технологиясы дайындалды. Бұл сорбенттің шетелдік және отандық аналогтарынан ерекшелігі – жоғары сорбциялық қасиет пен жоғары беттік ауданы болып табылады. Аталған сорбент жергілікті ауылшаруашылық шикізатынан карбонизация және одан кейінгі физика-химиялық активация әдісімен алынады. Бұл жоғары эффективті сорбент су тазалау сүзгілерінде, сонымен қатар ауаны токсиндік газдардан тазалауда қолданылады. Яғни отандық өнім алумен қатар, Бельгиялық зерттеушілермен бірлесіп, халықаралық НАТО проектісімен жеке қолданыстағы және әскери саладағы противогаздар жасалуда.”


⚗️ Келесі инновациялық өнім – гидроксиапатит кальция

“Сонымен қатар институтымыздың келесі инновациялық өнімі – гидроксиапатит кальция болып табылады. Мұндағы жаңалық – гидроксиапатит кальцияны алудың құнын бірнеше есе арзандату мен жергілікті шикізатты қолдану болып табылады. Аталған өнім шетелдік аналогтарымен салыстырғанда өзіндік құны арзан, бірақ сапасы жағынан бірдей. Қазіргі уақытта өнімге қажетті құжаттар алу процесі жургізіліп жатыр. Сонымен қатар аталған біздің өнімге Қазақстанның Алматы және басқа да қалаларының стоматологиялық клиникаларынан қызығушылық танылып, біздің өнімді алуға деген ниеттерін білдіріп отыр.”
— деді Ұлан Ержанұлы


👨‍🔬 Көрме қатысушылары

Көрме барысында келесі ғылыми ұйымдар мен ЖОО өз жетістіктерін ұсынды:

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

  • Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ

  • ҚазҰАУ

  • С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

  • М.Әуезов атындағы ОҚМУ

  • «Ғылым қоры»

  • Ақпараттық және есептеу технологиялары институты

  • Зоология институты

📽️ Толығырақ: YouTube сілтемесі
📌 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Прокрутить вверх